Левандовски: «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атануға дайын болған едім»

23.12.2020, 00:17
Роберт «Боруссиядағы» сәтті ойынынан кейін талай клубтардың назарын өзіне аударған еді.
Левандовски: «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атануға дайын болған едім»

"Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски "Боруссия Дортмундта" ойнап жүрген кезінде "Манчестер Юнайтедке" ауысуға жақын болғанын айтты.

"Боруссиядағы" екінші маусымнан кейін мен сэр Алекс Фергюсонмен сөйлестім. Ол менің "Манчестер Юнайтедке" ауысқанымды қалады. Мені бұл трансфер қызықтырды. Тіпті ауысуға дайын болдым деп айтуға болады. Бірақ "Боруссия" мені жібергісі келмеді. Алайда, бұл мені қатты ренжіткен жоқ, өйткені ол кезде біздің команда жақсы жұмыс істейтін", - деді Goal.com сайтына берген сұхбатында.

Левандовски мансабын туған жері Польшада бастады. 2010 жылы ол "Боруссияға" ауысып, төрт жылдан кейін "Баварияға" еркін агент ретінде қосылды. Осы маусымда 32 жастағы шабуылшы Бундеслигада 12 матч өткізіп, 17 гол соқты (2 пенальтиден) және 4 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×