«Реал Мадрид» Икер Касильясты қор директорының орынбасары етіп сайлады

23.12.2020, 00:35
Касильяс «Реал Мадридте» 25 жыл доп тепті.
«Реал Мадрид» Икер Касильясты қор директорының орынбасары етіп сайлады

Испания құрамасының бұрынғы қақпашысы Икер Касильяс "Реал Мадрид" клубына тиесілі қордың бас директорының орынбасары қызметіне орналасты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

"Касильяс - "Реал Мадридтің" аңызы, ол біздің клубтың құндылықтарын бейнелейді, біздің тарихтағы ең жақсы қақпашы. Оның спорттық мансабы және адами қасиеттері Астурия ханзадасының сыйлығы, спортқа қосқан үлесі үшін Король ордені және тағы басқа марапаттармен бағаланды. Мадридтің "Реалы" өзінің ұлы капитандарының бірі қайта оралғанын мақтан тұтады", - деді клубтың баспасөз қызметі.

Касильяс "Реал Мадрид" үшін ойнаған 25 жылда 19 титулға ие болды: 3 рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы, 3 рет клубтар арасындағы әлем чемпионы атанды, 2 рет УЕФА суперкубогын, 5 мәрте Ла Лига кубогын, 2 рет король кубогын және 4 рет ел суперкубогын жеңіп алды. Португалияда "Портумен" бірге екі рет чемпиондықты жеңіп алды, бір рет Кубок және бір рет елдің Суперкубогын жеңіп алды. Испания құрамасы үшін ол 167 матч өткізіп, бір рет әлем чемпионы және 2 рет Еуропа чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×