Левандовски ПСЖ-мен болатын екі матчқа да қатыса алмайды

31.03.2021, 03:55
Флик тез арада басқа жоспар ойлап табу қажет.
Левандовски ПСЖ-мен болатын екі матчқа да қатыса алмайды

"Бавария" мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски жарақат алуына байланысты төрт апта бойы алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды мюнхендік клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, Левандовски 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Андорра құрамасымен (3:0) болған матчтың 63-минутында алмастырылды. Кейінірек шабуылшының тізесіндегі жарақатына байланысты Англия құрамасымен болатын матчқа қатыспайтыны және "Баварияға" қайта оралатыны белгілі болды.

Мюнхендік клубтағы медициналық тексеріс кезінде Левандовскийге тізе буыны созылуы деген диагноз қойылды. Осылайша, поляк футболшысы 7 және 13 сәуірге жоспарланған "Пари Сен-Жерменмен" болатын Чемпиондар Лигасының ширек финалындағы екі матчқа да қатыса алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×