«Қайсардың» бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін

31.03.2021, 03:31
«Қайсар» алғашқы екі турда бірде-бір ұпайға ие бола алмады.
«Қайсардың» бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Қайсардың" тәлімгері Сұлтан Әбілдаев жақын арада клубтан кетеді.

Бас бапкер клуб басшылығымен кездесу өткізді, нәтижесінде басшылық тарапынан 51 жастағы маманға өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазу ұсынылды.

"Қайсар" Премьер-лиганың алғашқы екі турында да жеңіліске ұшырады. Алдымен "Тараздан" - 2:3, одан кейін "Қайраттан" 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Сонымен қатар екі кездесуді де "Қайсар" өз алаңында өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×