
"Барселона" Чемпиондар лигасының финалына жолдаманы сарапқа салатын маңызды матчқа дайындықты бастап кетті. "Каталониялықтар" Миланға барады. Бүгінгі жаттығуға Роберт Левандовски қатысты, бірақ Алехандро Бальде көрінбеді.
Поляк шабуылшысы 19 сәуір күні "Сельтаға” қарсы ойында сол аяғындағы сіңір бұлшықетіне жарақат алып, бірнеше кездесуді, оның ішінде Испания кубогының финалы мен Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы ойынды өткізіп алды. Алайда қазір оның жағдайы жақсарып, командалық жаттығуға қосылды.
Сол себепті Левандовски дүйсенбі күні "Барселона” құрамымен бірге Миланға аттанады. Дегенмен, оның негізгі құрамда алаңға шығуы екіталай. Бұрынғы "Бавария” ойыншысы бұл матчта қосалқы құрамнан шығуы мүмкін, себебі бас бапкер Ханс-Дитер Флик те, ойыншының өзі де тәуекелге барғысы келмейді.
Ал Алехандро Бальде әлі жеке дайындықпен шектелуде және командалық жаттығуға қайта қашан қосылатыны белгісіз.
Біздің серіктес: FONBET