Левандовски үлгі тұтатын футболшылардың есімін атады

22.12.2020, 03:04
Футболшы өзін Месси және Роналдумен салыстырғысы келмейді.
Левандовски үлгі тұтатын футболшылардың есімін атады

«Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың жетістіктері туралы пікірімен бөлісті, сондай-ақ жас кезінде қай футболшыларды үлгі тұтқанын айтты.

«Месси мен Роналду өте ұзақ уақыт бойы шың басында болды, олардан қазір ешкім басып оза алмайды. Егер сіз сандарға назар аударатын болсаңыз, мен биыл және соңғы бірнеше маусым бойы аз гол соққан жоқпын. Алайда мен олармен бір үстелде отырғанымды елестете алмаймын. Бірақ оларды менімен бірге тамақтануға шақыра алар едім.

Мен үлгі тұтатын футболшылар? Дель Пьероны, Тьерри Анриді, Роберто Баджоны мақтан тұтатын едім. Мен жас кезімде олардың ойынын көргенді ұнататынмын. Содан кейін өзім осы атмосфераға толығымен кіру үшін үлкен стадионда ойнауды армандадым», - деді Левандовски France Football басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, жақында поляк шабуылшысы ФИФА нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең үздік футболшысы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×