Левандовскидің соңғы мүмкіндігі

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
24.08.2020, 01:18
Левандовски бұған дейін бір финалда жеңіліс тапқан. Бұл поляк шабуылшысы үшін соңғы финал болуы да мүмкін.
Левандовскидің соңғы мүмкіндігі

6:3. Бұл бүгінгі финалдың есебі емес. Бұл «Бавария» мен «ПСЖ» командасындағы Чемпиондар лигасын жеңу дегеннің не екенін білетін ойыншылардың саны. "ПСЖ-да" Неймар ("Барселона" 2015), Ди Мария ("Реал" Мадрид 2014) және Навас (Коста-Рикалық қақпашы 2016-2018 жылдары "Реал Мадридпен" үш рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алды). "Баварияда" Тиагодан басқа ("Барселона", 2011), Нойер, Алаба, Боатенг, Хави Мартинес және Мюллер бар. Бұл бесеуі 2013 жылдың 25 мамырында «Уэмблиде» болған кездесуде "Боруссия Дортмундты" 2:1 есебімен жеңген болатын.

Бүгінгі "Баварияның" дәл осы жұлдызды ойыншылары 7 жыл бұрынғы ұзақ сапардың бастамасы болды.

2013 жылы Флик Германия құрамасында Йоахим Лёвқа көмектесті. 17 жастағы Гнабри «Арсенал» сапында алғашқы ойынын өткізді (бір маусымда небәрі 4 ойын), оны сол кезде "Штутгарттан" 100 000 фунт стерлингке сатып алған болатын. 12 жасар Дэвис футбол қаласы болып есептелмейтін Эдмонтон қаласының жастар командасына доп тепті. Коман ол кезде "ПСЖ" сапында рекорд орнатып жүрді. 2013 жылы 17 ақпанда Франция чемпионатындағы "Сошоға" қарсы матчтың соңында алмастырушы ретінде Париждік клуб тарихындағы ең жас ойыншы атанды (16 жас, 8 ай және 4 күн).

2013 жылғы Лондон финалында Левандовский 90 минут бойы ойнады.

Маусымның басты матчы Роберт үшін сәтсіз болды. "Реал Мадридпен" жартылай финалдағы рекордтық жетістіктерден кейін (поляк турнирдің осы кезеңінде покер жасаған жалғыз футболшы), олар одан 90 минутта көп нәрсе күтті. Бірақ бәрі сәтсіз аяқталды.

Левандовски 2014 жылы "Баварияға" Гетценің ізімен келген болатын (кейінірек Хуммельс те қосылды). Мюнхендік команда шабуылшыны тегін алды - оның «Боруссиямен» келісімшарты сол кезде аяқталған еді. (ESPN бұл ойыншының трансферін футбол тарихындағы ең жақсы трансфер деп санайды).

"Баварияда" ол ХХІ ғасырдағы ең үздік шабуылшының бірі болды. 12 кубокты жеңіп алды. Бірақ Еурокубокте топ жара алмады. Ол қазірдің өзінде 32 жаста. Ешқашан Чемпиондар лигасын жеңе алмаған Буффон, Ибрагимович, Роналдо және басқа шеберлермен қатар тұру, әрине, Левандовскиге оңай болмайды.

Оның үстіне керемет маусым өткізуде. 50-ден астам гол, көптеген рекордтар, «Барселонаны» 8:2 есебімен жеңді...

Левандовски Чемпиондар лигасы тарихындағы 68 голмен үздік сұрмергендердің тізімінде 4-орында тұр. Тек Роналду, Месси және Рауль Роберттен көп гол соққан (Раульде 71 гол). Яғни, ол турнирдің жеңімпазы болмағандар арасындағы ең үздік сұрмерген.

Ал Левандовски Ежи Дудектен кейінгі Чемпиондар лигасын жеңіп алған алғашқы поляк ойыншысы болуы мүмкін. Және негізгі құрамда шығып осы жүлдені жеңген алғашқы ойыншы атанады.

Мұны жасай ала ма? Және қашан жасайды? Бүгін немесе ешқашан?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×