Рональд Куман Коутиньоны сақтап қалғысы келеді

24.08.2020, 02:47
Голландиялық маман бразилиялықты келесі маусымда құрамнан көргісі келеді
Рональд Куман Коутиньоны сақтап қалғысы келеді

Mundo Deportivo баслымының хабарлауынша, "Барселонаның" жаңа бас бапкері Рональд Куман жалда жүрген жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньоны командада қалдыруы ықтимал. 57 жастағы білікті маман Коутиньомен кездесіп, оның алдағы уақыттағы жоспарларын біліп, сөйлеспек.

Бұған дейін "Барсаның" президенті Хосеп Бартомеу, егер бапкер Коутиньоны қалдырғысы келсе, солай болады деген сыңай танытқан болатын.

Еске сала кететін жайт, 28 жастағы жартылай қорғаушының каталондық ұжыммен арадағы келісімшарт мерзімі 2023 жылға дейін.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×