Кеше дортмундтық «Боруссия» мен Польша ұлттық құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовский автокөлігінің белгісіз біреулер дөңгелегін ұрлап кеткен. Футболшының «темір тұлпары» үйінің алдында-ақ тұрған екен.
Қазіргі таңда 25 жастағы шабуылшының
«Порше» автокөлігінің төрт бірдей дөңгелегін ұрлаған күдіктілер іздестірілуде. Бар күдік жергілікті жанкүйерлерге тірелуде. Өйткені дортмундтық клубтың фанаттары Левандовскийдің командадан кетпеуін қалаған-ды. Дегенмен футболшы осы қыстағы трансфер маусымында
мюнхендік «Бавариямен»келісімшартқа қол қойған болатын.
Ал автокөліктің бір дөңгелегі 3 мың еуро тұрады екен.
Дайындаған:
Өмірбек Сансызбай
http://massaget.kz/