Аладоптың жағымсыз кейіпкерлері

13.02.2014, 19:42
Аладоптың жағымсыз кейіпкерлері
Қай жерде заң болса, сол жерде тәртіп бұзушылық та бар. Ол-даусыз. Футболда да алаңда(кейде алаңнан тыс) тәртіп бұзушылық болып жатады. Футбол нағыз еркектік спорт болған соң қақтығыс болады, қан қызушылықпен төбелеседі, ауыздарынан артық сөз шығады. Кейде, аяқ жағында футболшы алаңнан қуылып, команда үшін ол ойын сәтсіз болып жатады. Бірақ құдіретті аладоп әлемінде, ар-намыс деген адамның бойындағы асыл дүниені екінші орынға ығыстырып қоятындар да жоқ емес Бұл мақаланың жарыққа шығуына түрткі болған жағдай алдындағы жексенбідегі  "Атлетик"-"Реал Мадрид" ойыны. Әрине, ол ойында Роналдудың қатысумен болған жағдай әр жанкүйер есіңде. Ол эпизодта, мүмкін Роналдудың көзіне қорғаушының қолына доп тигендігі көрінген болар, мүмкін командасы үшін маңызды пенальтиді төрешіден әдейі талап еткен болар. Ондай жағдай кез келген ойында болып жатады. Бірақ, бұл жерде қынжылтатыны Атлетиктің ойыншысының ісі. Қарсыласқа тап беріп, айқайлап, саусақтың соққысына шыдамай жерге құлай кеткені. Төреші, оның актерлық шеберлігіне оң бағасын беріп, Роналдуды алаңнан қуып, онымен қоймай кейін Испан футбол федерациясының шешімі бойынша Примьерадағы келесі 3 ойында алаңға шығу құқығынан айырылды. Тағы бір қынжылтатыны  актерлық шеберлікпен әлемді тәнті еткен футболшы "Атлетиктің" капитаны. Әдетте, капитан команданы алға жетелер  мінезімен, әріптестерін жігерлендірер ерекшелілігімен, жастарға үлгі болар қабілетімен танылушы еді, ал мұндай ар-намысқа нұқсан келтірер іс-әрекетімен емес. Мықтылығын қайсарлылығымен дәлелдеуші еді, қарсыластың артынан пышақ сұқпай. Ескертетінім мен әлемнің үздік ойыншысының қорғаушысы(адвокаты) емеспін! Бірақ, футболда дәл осындай әділетсіздіктер көп. Жағымсыз  қырынан таңылған, таңылып жүрген ойыншылар да көп. Бәрін жазып жатпай әлем назарындағы, үздік деп танылатын ойыншылардың тізімін ұсынғалы отырмыз. ________________________________________________________________________________________________________ Жасыл алаңда тимегенді тиді деп, сүліктей сұлап жатуды жаны сүйетін ойыншылардың бірі,  "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс. Оның кесірінен қарсыласытың футболшылары жазықсыз жазаланып жататын кездер аз емес. ____________________________________________________________________________________________________ "Ливерпульдің" сұрмергені Луис Суарестің қатысуымен талай жанжалдар болды. Бас бапкер Роджерспен келіспеушілігі, Эврамен рассизмке қатысты кикілжіңі, Ивановичтің құлағын тістеуі. Онымен қоса бұл футболшы алаңда әдемі, әдейі құлаудан да “кет әрі” емес. "Арсеналдың қорғаушысы", француз Лоран Косьелнидің Суарес жайлы айтқан сөзі: " Егер меннен әлемдегі қай шабуылшыға қарсы ойнауды қаныныз сүймейді десеңіз, онда мен Суарес дер ем. Ол өзінің актерлық шеберлігімен, алдаумен көп жағдайда командасы үшін пенальтиді немесе айып соққыларын еншілеп жатады. Төрешіге білдірмей қорғаушының аяғына теуіп, жейдесін тартып айып бұзуға мәжбүрлейді. Мен оған қарсы ойнаған кезде барынша тимеуге тырысамын. Әсіресе, өзімнің айып алаңымда." ________________________________________________________________________________________________________ Әлемнің үздік ойыншысының өзі де "симулянт" деген атақты алғаны қашан.. Сонау "қызыл сойқандар" сапында доп тепкен кезде де қулығын талай көрсеткен. "Реалға" келген соң мұндайын қойды дегенмен де, "ауру қалса да, әдет қалмайды" деген мақалдың тауып айтылғанын дәлелдеп тұратын жайы бар. Даниялық төреші, Клаус Бо Лорсеннен сұхбат алу кезінде Роналду жайлы ойы:   Кейбір ойындарда Роналду қарапайым жолмен айып соққысын олжалағанды жаны сүйеді. Матч алдында, мен әріптестеріммен Роналдудың қулығына берілмеу жолын талқылаймын. Оның жағымсыз әрекеттеріне біз әрқашан дайын болуымыз керек. Білесіз бе, кейде ол құлағанда мен айып соққысын белгілемесем, Роналду мені өзінің актерлық шеберлігімен таңғалдыра алмағанына өкініп, маған қарап күледі. ________________________________________________________________________________________________________ Католондықтардың тағы бір жартылай қорғаушысы да Фабрегас жиі болмаса да, осындай жанжалдардың себепкері болып тұрады. "Арсенал" сапында да көзге түскен. Ал былтырғы маусымдағы "Севильяға" қарсы ойындағы мінезімен, футбол әлемің өзіне қарсы қойды. Ол кезде төреші, Фабрегасты қолымен ұрғаны үшін "Севилья" ойыншысын алаңнан қуған. Төреші қателік жібергенімен, Испан футбол федерациясы "Севилья" ойыншысын ақтап, қызыл қағаз әділетсіз көрсетілді деген шешімге келген. ________________________________________________________________________________________________________ "Қызыл сойқандар" сапынан Роналду кеткеннен кейін де,  актерлық шеберлігі жоғары тағы бір португалдық футболшы табыла кетті. ________________________________________________________________________________________________________ Ах, Неймар, Неймар. Футболдың сахнасында ғана емес, театр сахнасында да қошеметке бөленер еді-ау. Осы маусымда, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі "Барселона"-"Милан" матчын жүргізген комментатордың сөзі есіме түсіп тұрғаны:   "Неймар қарсылас айып алаңында қорғаушының қатысуынсыз-ақ құлап түсті. Бұл жерде ешқандай қақтығыс бол қойған жоқ. Егер де қарсылас ойыншысы Неймарға жақын тұрғанда, мен сенімдімін,  Неймар төрешіден пенальти сұраушы еді." ________________________________________________________________________________________________________ Нанидің әріптесі Эшли Янгта жағымсыз жағымен танылып жүр. Былтырғы маусымның соңғы ойындарында "қызыл сойқандар" Янгтің осындай әрекеттерінің арқасында пенальтилер еншілеген. Ойыншының өзі мойындамағанмен де, Алекс Фергюсонның өзі мойындаған еді:    "Мен бұл жайлы Янгпен сөйлестім. Ол бәрін түсінді. Нәтижені уақыт көрсетеді."   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×