Пікір-талас чемпионаты жалғасын табады!

13.02.2014, 18:40
Пікір-талас чемпионаты жалғасын табады!
sclAF3hkcQE "Аладоп.кз" сайты өткен айда ең үздік үш пікір жазған оқырманды анықтаған болатын.  Оларға сәйкесінше, сыйлықтар да үлестірілді. ("Интер" клубының бәкебайы, ұялы телефон,  флешка).  Енді сайт бетіне шығып жатқан пікірлердің ішіндегі ең мықтысына, ең үздігіне біз  тағы да бір керемет  сый тағайындап отырмыз. "Ордабасы" футбол клубының  жейдесін жеңіп алауға  тырысыңыздар. Айта кетейік, жейде Мардан Төлебек есімді  шымкенттік клубтың  жартылай қорғаушысыныкі. №17 жейдені ұтып алғыңыз келсе, сайт  бетінде көтерілетін  мақалаларға тұщымды пікір қалдырыңыздар. (Грамматика, сөйлемнің  түсінікті жазылуы  ескеріледі). Сайыс 13-24 ақпан күндері өтеді. Ал жеңімпазды "Казспорт" арнасының комментаторы Ермұхамед Мәулен анықтайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×