«Тоттенхэм» клубының жанкүйерлері клуб иесі Дэниэл Левидің шешімдеріне наразылық білдіруге ниетті, деп хабарлайды The Telegraph.
Дереккөздің хабарлауынша, жанкүйерлер Англия Премьер-лигасының 35-турының «Арсеналмен» матчында «Леви кет!» деген жазуы бар баннерді «Тоттенхэм» стадионының үстінен ұшатын ұшақққа жалғамақ. Жанкүйерлер мұндай акцияларды одан әрі жалғастыруды жоспарлап отырғаны атап өтілді.
Англия чемпионатының 35-турының матчы «Тоттенхэм» - «Арсенал» ертең, 12 шілдеде Лондондағы «Тоттенхэм Хотспур» стадионында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да басталады. «Тоттенхэм Хотспур» 34 матчта 49 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасында 9-орында тұр. Жарыстың көшбасшысы - титулды мерзімінен бұрын алып үлгерген "Ливерпуль" футбол клубы (92 ұпай).
Біздің серіктес: FONBET