Әли Әлиев: келісімшарттың жай-жапсарын толық айта алмаймын

17.04.2025, 21:50

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының толыққанды бас бапкері болғаннан кейін алғашқы сұқбатын берді.

Әли Әлиев: келісімшарттың жай-жапсарын толық айта алмаймын
Әли Әлиев

Отандық маман осыған дейін бас бапкер міндетін атқарушы ретінде жұмыс істеп келген еді. 

«Иә, мен ресми түрде Қазақстан құрамасының бас бапкері саналамын. Келісімшарттың жай-жапсарын толық айта алмаймын. Келісімшартпен бірге құпия мәліметтер туралы тіс жармаймын деп қол қойғам. Мен кеше оған қол қойып ҚФФ-де ресми тіркелдім», - деді Ә. Әлиев Tengri Sport-қа берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Әли Әлиев жыл басында ұлттық команданы тізгіндеп, іріктеу ойындарына дайындаған болатын. Қазақстан отандық маманның жаттықтыруымен ӘЧ-2026-ның іріктеуіндегі  екі турда үш ұпай еншіледі. Бірінші матчта Уэльстен ұтылды (1:3), ал екінші кездесуде  Лихтенштейн құрамасын ұтты (2:0).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×