"Қызыл-Жардың" бас бапкері Әли Әлиев 7-ші тур аясында "Тұранға" қарсы болған матч туралы ойын ортаға салды
"Команданың көрсеткен ойыны мен алға ұмтылуына көңілім толды. Жалғыз мәселе - алаңның үшінші аймағындағы сапа, яғни нүкте қоятын соққыларға қатысты болып отыр. Соңғы пас бұл өте маңызды компонент. Бұл, шабуылшыларға аса қажет қасиет, кездесу бойынша сол форвардтарға қоятын сұрақтарым бар",- деді Әли Әлиев сәтсіз матчтан кейін.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің жетінші турында "Қызыл-Жар" өз алаңында "Тұранға" есе жіберді. Бәсекедегі жалғыз голды екінші таймда Александр Соколенко (56) соқты. Сонымен, жеті турдан кейін Петропавлдық клуб 8 ұпаймен 7-ші сатыда тұр. Ал Түркістандық команда 9-шы сатыға жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET