Әли Әлиев УЕФА-ның АФК-дан басты артықшылығын атады

08.06.2025, 17:10

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев УЕФА мен АФК-ның айырмашылығына қатысты пікір білдірді.

Әли Әлиев УЕФА-ның АФК-дан басты артықшылығын атады

«УЕФА немесе АФК құрамында болуымызды басшылық шешеді. Мен тек спорттық нәтижеге жауап беремін. Осы орайда УЕФА-ның көптеген жылдар бойы отандық клубтарды қаржылық тұрғыдан қолдайтынын айтқым келеді. Ал АФК футболдың дамуына бір тиын да қаржы бөлген емес. Мен тек өз ойымды айтып жатырмын. Мысалы, «Астана» Конференция лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін, 5,8 млн еуро сыйақы алды. Өзге отандық клубтар да белгілі бір кезеңге шыққанына құр қалмады. Мен УЕФА арқылы тек Мбаппе секілді әлем жұлдыздарының «Астана Аренаға» келгенін мысал ретінде айттым. Ал қауымдастық жайлы мәселе менің құзырымда емес».

Айта кетейік, 2024/2025 маусымында елордалық «Астана» футбол клубы ғана УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңіне жете алды. Турнир барысында бір жеңіске жетіп, екі ойынды тең аяқтады және үш мәрте жеңіліп қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×