
Әли Әлиевтің шәкірттері ертең «Астана Аренада» македониялықтарды қабылдайды. Ал өткен жұмада отандастарымыз сыртта Беларусьтен оңбай ұтылды 1:4.
«Қазақстан таяуда ғана Ұлттар Лигасы мен Еуроға іріктеу аясындағы турнирде шулатқан, алайда «қырандардың» ең соңғы тәуір нәтижелері 2023-жылы болды. Содан бері олар 15 ойынның 12-нде жеңіліс тауып, бірнеше күн бұрын өзімен шамалас Беларусь құрамасынан 4 гол жіберді. Әли Әлиевтің құрамасында бірнеше маңызды футболшы болған жоқ, сондықтан бұл нәтижені заңдылық деуге болады.
Ал Солтүстік Македония бабында, олар Армения мен Лихтенштейн деңгейіндегі командаларды ұтып қана қоймай, Уэльс пен Бельгиямен тең түсуде. Соңғы уақытта македониялықтар сырт алаңда тұрақты әрі көп доп соғуда, сол үшін Благой Милевскийдің біртұтас әрі талайды көрген командасын Астана сапары аса бір қорқыта қоймауы тиіс. Сондықтан, қарсыласына қарағанда тұрақты командадан ірі болмаса де сенімді жеңіс күтеміз», - делінген портал материалында.
Қазақстан іріктеудің 2 турынан кейін 3 ұпаймен үшінші орынға жайғасқан. Солтүстік Македония көшбасында.
Біздің серіктес: FONBET