
Мадридтік «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе команданың жаңа бас жаттықтырушысы Хаби Алонсо жайлы ойын айтты.
«Мен Хаби Алонсо мырзамен бірнеше рет сөйлестім және бізде дәл осындай бапкердің болғанына өте қуаныштымын. Ол не айтса да, тактиканы да, басқа нәрселерді де үйренуге дайынбыз. Біз жеңіске жетуді қалаймыз және соған қабілетті екенімізді сезініп жүрміз», — деді Мбаппе Madrid Universal басылымына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Хаби Алонсоның соңғы жұмыс орны Германияның «Байер» клубы болды. Оның басшылығымен леверкузендік команда Германия чемпионы атанып, ел Кубогы мен Суперкубогын да жеңіп алды.
Біздің серіктес: FONBET