Лига Кубогының финалында астаналық дерби көреміз

25.09.2024, 22:26

Қазақстан футболында биыл алғаш рет ұйымдастырылған Лига Кубогының финалында екі елордалық клуб сынға түсетін болды. "Астана" жартылай финалда Семейдің "Елімайын" пенальти сериясында жеңіп кетті. Ал екінші жұпта "Жеңіс" "Қайраттың" сағын сындырған болатын.

Лига Кубогының финалында астаналық дерби көреміз

Ойын алдында елдің бәрі Карповичтің командасы табандылық танытып, “Астананың” қосалқы құрам ойыншыларын тізе бүктіреді деп болжам жасаған. Бірақ, Бабаянның қосалқы құрамында Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары отырғанын ескерсек, сарапшылардың бұл пайымы бекер болған сияқты. Шын мәнінде де екі команда жарқыраған ойын көрсеткен жоқ. Жанкүйерлер негізгі уақытта да, экстра таймда да гол көрген жоқ. Есеп 0-0. Пенальти лотереясында “Астана” аяқдопшыларына сәттілік серік болып, жеңіске жетті. 

Енді Лига Кубогының финалында футбол сүйер көрермен дерби тамашалайды. Елорданың қос клубы “Астана” мен “Жеңіс” Кубокты сарапқа салатын болады.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×