Лиганы жас маманға тапсырдық

24.01.2012, 20:34
Лиганы жас маманға тапсырдық

Осы уақытқа дейін Қазақстан футбол федерациясы Ұлттық футбол лигасы (ҰФЛ) директорының орынбасары қызметін атқарып келген Олжас Абраев осы ұйымның директоры болып сайланды.
Негізі, Ұлттық футбол лигасының ди­рек­торы қызметін соңғы маусымда Михаил Гурман атқарған болатын. Алайда өткен жыл­дың соңғы айында бұл қызметке Қаныш Әубәкіров тағайындалған. Сондай-ақ Қаныш Қайдарұлы ҚФФ-тың тағы бір тізгінін қолына ұстаған. Яғни бірінші вице-президент қызметіне де тағайындалды. Дегенмен мемлекеттік маңызы зор бірнеше жобаны қатар алып жүру ауыр соға­тын­дық­тан, Қаныш Әубәкіров ҰФЛ директоры қызметінен босатылды. Ал үлкен спорттағы қызметін ең алғаш Ал­маты футбол федерациясындағы жауап­ты хатшылықтан бастаған 27 жасар Олжас Абраев осы уақытқа дейін бірнеше ма­ңыз­ды орында қызмет атқарған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×