Ұлттық стадион сараптаудан өтпей қалды

24.01.2012, 20:34
Ұлттық стадион сараптаудан өтпей қалды

Кеше футбол жанкүйерлері мен футболшылар үшін Варшавадан тағы бір жағымсыз жаңалық жетті. 29 қаңтар күні ресми түрде пайдалануға беріледі деп жоспарланған Ұлттық стадионның ашылуына өрт сөндіруші мамандар рұқсат бермепті.
Польша мен Украинада өтетін футболдан Еуропа чемпионатының басталуына азғантай уақыт қалды. УЕФА екі елге сенім білдірген күннен бастап құрылыс жұмыстарының көңілден шықпағанынан жанкүйер хабардар. Мишель Платини Польша мен Украинаға қайта-қайта ескерту жасап, стадион құрылысы мен футбол тойын қабылдайтын қалалардың инфрақұрылымын жақсартуға кеңес берген болатын. Кеше футбол жанкүйерлері мен футболшылар үшін Варшавадан тағы бір жағымсыз жаңалық жетті. 29 қаңтар күні ресми түрде пайдалануға беріледі деп жоспарланған Ұлттық стадионның ашылуына өрт сөндіруші мамандар рұқсат бермепті. Өрт сөндіру қызметі футбол алаңындағы өрт қауіпсіздігінің сақталмағанын алға тартса, аудандық құрылысты бақылау жөніндегі инспекция көптеген құжаттардың дұрыс рәсімделмегенін айтады. Ұйымдастырушылардың олқылықтың орнын толтыруға  4 күн уақыты бар. 29 қаңтар күні стадионда эстарада жұлдыздарының қатысуымен театрландырылған қойылым өтеді. Ал, 11 ақпан күні  дәл осы стадионда «Легия» мен «Висла» футболдан ел чемпионатының Суперкубогын сарапқа салады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×