Лингард қыста «Манчестер Юнайтедтен» кетеді

20.12.2020, 03:49
Лингард негізгі құрамда шығудың қандай болатынын ұмытқанда шығар.
Лингард қыста «Манчестер Юнайтедтен» кетеді

Англия Премьер-лигасының аутсайдері "Шеффилд Юнайтед" "Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Джесси Лингардты жалға алуға ниетті.

Manchester Evening News-тің хабарлауынша, "Шеффилд Юнайтедтің" бас бапкері Крис Уайлдер "Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Оле Гуннар Сульшерден Премьер-лиганың 13-тур матчы кезінде келісім жасау мүмкіндігі туралы сұрады. Норвегиялықтың бұл трансферге қарсы еместігі атап өтілді.

Осы маусымда 28 жастағы футболшы Англия лигасының кубогында 2 матч өткізді. Лингардтың "Манчестер Юнайтедпен" келісімшарты 2021 жылы 30 маусымда аяқталады. Клубтың еңбек келісімшартын тағы бір маусымға ұзартуға мүмкіндігі бар.

28 жастағы Лингард - "Манчестер Юнайтедтің" тәрбиеленушісі. Ол Англия Премьер-лигасының 133 матчында 18 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×