Лоран Блан катарлық клубты жаттықтырады

20.12.2020, 03:37
Блан 2016 жыллан бері жұмыссыз жүрген болатын.
Лоран Блан катарлық клубты жаттықтырады

"Пари Сен-Жермен" мен Франция құрамасының бұрынғы бас бапкері Лоран Блан мансабын Катарда жалғастырады.

55 жастағы француз маманы "Аль-Райян" клубына бас бапкер болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Бланның жаттықтырушылар штабында "Монако" мен "Марсельдің" бұрынғы футболшылары Фрэнк Пасси де бар.

Бланның бапкерлік мансабындағы соңғы клуб "Пари Сен-Жермен" болды. Ол Париждік клубтан 2016 жылы кеткен еді. Блан жаттықтырушы ретінде Франция чемпионатын төрт рет жеңіп алды: бір рет "Бордомен" (2008/2009 маусымда), үш рет "Пари Сен-Жермен" клубымен (2013/2014, 2014/2015, 2015/2016). Франция құрамасында ойнап, Блан әлем чемпионы (1998) және Еуропа чемпионы (2000) атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×