«Ливерпуль» тарихи рекорд орнатты

20.12.2020, 02:01
«Ливерпуль» қарсыластарынан алты ұпайға озып кетті
«Ливерпуль» тарихи рекорд орнатты

Англия Премьер-лигасының 14-турының алғашқы матчында "Ливерпуль" Лондонның "Кристал Пэлас" командасын 7:0 есебімен жеңді.

Opta Sport-тың хабарлауынша, мерсисайдтық клуб үшін бұл сырт алаңдағы ең ірі жеңіс болды, сонымен қатар 1989 жылдан бергі Англия чемпионатының жоғарғы дивизионындағы ең ірі жеңіс болды. Бір қызығы, 1998 жылдың 12 қыркүйегінде "Ливерпуль" өз алаңында "Кристал Пэласты" тоғыз доп айырмашылығымен жеңген болатын.

Бұл ойында Такуми Минамино, Садио Мане, Роберто Фирмино (дубль) және Мохамед Салах (дубль), сондай-ақ жартылай қорғаушы Джордан Хендерсон гол соқты.

"Ливерпульдің" қазір 31 ұпайы бар және Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде көш бастап келеді. "Кристал Пэлас" (18 ұпай) - 12 орында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×