“Лионель Месси деген кім ол?” – 104 матчтың біреуін де көрмейтін АҚШ халқы елдерінде өтіп жатқан жаһандық жодадан мүлде бейхабар

Бүгін, 14:53

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионаты ең ұлы спорттық мейрам, жаһандық басты карнавал саналып жатқанымен, оны 30 жылдан кейін қайта қабылдаған бас ұйымдастырушы ел — АҚШ бұл пікірмен мүлдем келіспейтін сыңайлы. Жергілікті Американдықтардың арасында жүргізілген соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі әлемдік БАҚ-ты таңғалдырды. Бүкіл дүниежүзі тағатсыздана күткен дода Американдықтар үшін мүлдем қызықсыз болып шықты.

“Лионель Месси деген кім ол?” – 104 матчтың біреуін де көрмейтін АҚШ халқы елдерінде өтіп жатқан жаһандық жодадан мүлде бейхабар

Мамыр айының соңында Bloomberg агенттігінің арнайы тапсырысы бойынша беделді Morning Consult ұйымы АҚШ-тың ересек тұрғындары арасында ауқымды сауалнама жүргізді. Зерттеу қорытындысы Мундиаль тарихындағы ең масқара көрсеткішті тіркеді.

АҚШ азаматтарының жартысынан астамы Әлем чемпионаты аясында өтетін 104 матчтың бірде-бір ойынын тамашаламайтынын ашық мәлімдеген.

Сауалнамаға қатысқандардың небәрі 13 пайызы ғана бұл дүбірлі доданың матчтарын міндетті түрде өткізбей көретінін жеткізген.

Зерттеу барысында Американдықтардың футболға деген көзқарасы олардың жас ерекшеліктеріне байланысты мүлдем екі түрлі болып шыққан. Ойынға деген қызығушылық тек жиырма жастағы “Gen Z” жастары арасында ғана біршама жоғары екені байқалған.

Ал ең сорақысы үлкен буын, яғни 60-70 жас аралығындағы “Baby Boomer” өкілдерінің арасында тіркелді.

Бұл егде жастағы тұрғындардың төрттен үш бөлігі өмірінде ешқашан футбол көріп көрмегенін айтқан. Ең қызығы, олардың тең жартысына жуығы әлем футболының тірі аңызы, Аргентинаның мақтанышы Лионель Мессидің есімін өмірінде мүлдем естімегенін жеткізген.

Американдық қоғамның футболдан қаншалықты алыс екенін мына бір дерек нақты дәлелдейді: АҚШ-та осындай ғаламат Әлем чемпионатының өтіп жатқанынан мүлдем бейхабар адамдардың саны орасан зор.

Сауалнамаға қатысқандардың небәрі 20 пайызға жуығы ғана Мундиаль туралы БАҚ беттерінен қандай да бір нақты ақпарат алғанын айтқан.

Ал халықтың тура 40 пайызға жуығы өз елінде футболдан Әлем чемпионаты өтіп жатқаны туралы “мүлдем естіген жоқпыз және білмейміз” деп жауап беріп, сарапшыларды таңғалдырған.

Миллиардтаған ақша жұмсап, әлемдік доданы өз жерінде қабылдап жатқан АҚШ билігі үшін бұл статистика үлкен сәтсіздікпен тең. Саясат пен бизнесті бірінші орынға қоятын мемлекет өз халқын футболға ғашық қыла алмағаны анық көрініп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×