Отандық топ клубтардың бірі әлемдік деңгейдегі есімді елге алып келу үшін сұрапыл қадам жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Legalbet.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, Мадридтік “Реалдың” бұрынғы шабуылшысы, Испаниялық танымал форвард Марк Гуаль мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруға өте жақын. 30 жастағы испаниялық сұрмерген мен ҚПЛ-дің белді ұжымы арасында алдын ала ресми уағдаластыққа қол қойылып қойған.
Марк Гуаль — Еуропалық футбол жанкүйерлеріне өте жақсы таныс есім. "Эспаньол” клубының түлегі, кезінде Испания жастар құрамасында өнер көрсеткен, сондай-ақ Ла лигалық “Севилья” мен “Сарагоса” секілді атақты ұжымдардың жейдесін киген.
Ол әлемдік деңгейдегі алпауыт “Реал Мадридтің” екінші командасында ойнап, Корольдік клубтың мектебінен өткен.
2022 жылдан бастап футболшы Шығыс Еуропада атой салды. Украинаның “Днепр”, Польшаның “Ягеллония” және “Легия” клубтарында өнер көрсетті. Тіпті, 2022/2023 жылғы маусымда “Ягеллония” сапында 31 матчта 15 гол соғып, Польша Экстракласасының (жоғарғы лигасының) ең үздік бомбардирі атанды.
2025 жылдың тамыз айында Поляктардың “Легиясы” Испаниялық шабуылшыны Португалияның жоғарғы дивизионындағы “Риу Аве” клубына үлкен сомаға сатып жіберген болатын. Алайда, Тұманды Альбионға ұқсас Пиреней түбегінде сұрмергеннің жолы бола қоймады.
Португалияның ең мықты лигасында Марк Гуаль 10 ресми матчқа қатысқанымен, бірде-бір нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Бұл жағдай оның командадан ерте кетуіне басты себеп болды.
Ірі денелі шабуылшының Португалиялық клубпен келісімшарты негізінен 2028 жылдың маусым айының соңына дейін жасалған. Бірақ “Риу Аве” де, футболшының өзі де бұл ынтымақтастықты дәл қазір үзуге толықтай дайын отыр.
Дәл осы сәтті тиімді пайдаланған Қазақстан Премьер лигасының көшбасшы клубтарының бірі Испаниялық шабуылшының өкілдерімен шұғыл байланысқа шығып, келіссөзді сәтті аяқтаған екен.