
«Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы Лионель Месси 2008/2009 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалында «Манчестер Юнайтед» командасының қақпасына баспен соққан голын өзінің мансабындағы ең сүйікті голы деп атады.
«Мен көптеген әдемі әрі маңызды голдар соқтым. Бірақ Чемпиондар лигасының финалында «Манчестер Юнайтедке» баспен соққан голым әрдайым менің сүйіктім болды», — деді аргентиналық футболшы.
Месси сол ойында 70-минутта гол соқты. Бұған дейін, ойынның 10-минутында есепті Самуэль Это'О ашқан болатын.
Жалпы, 2008/2009 жылғы маусымда Месси Чемпиондар лигасында 12 матчқа қатысып, 9 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET