
Қазақстан құрамасы Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан 6×6 форматы бойынша WMF мини-футболынан әлем чемпионатын бастады.
Турнирдің бірінші матчында Қазақстан құрамасы Польша командасымен кездесіп, күтпеген жерден 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ойынның 21-минутында Дмитрий Двирный Қазақстан құрамасын алға шығарды. Алайда үзілістен кейін поляктар есепті теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып алды. 39-минутта Артур Кощны гол соқса, 45-минутта Петр Маковски нәтижелі соққымен көзге түсті.
Осылайша, Польша құрамасы үш ұпай жинап, F тобының көшбасшысы атанды. Бұл топта Қазақстан құрамасы енді АҚШ, Босния және Герцеговина құрамаларымен кездеседі.
Еске сала кетейік, 2023 жылы WMF мини-футболынан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы финалға дейін жетіп, Румыниядан пенальти сериясында ғана есе жіберіп, күміс медаль иеленген болатын.
Біздің серіктес: FONBET