
Хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модрич 2025 жылғы Клубтар арасындағы әлем чемпионатынан кейін "Реал Мадрид" клубынан кететінін ресми түрде мәлімдеді. Ол 2012 жылы "Тоттенхэм Хотспурдан" 35 миллион еуроға ауысып келгеннен бері 13 маусым бойы "Мадридтік" клубтың намысын қорғады.
Лука Модрич "Реал Мадрид” сапында 590-нан астам матч өткізіп, клуб тарихындағы ең табысты ойыншылардың біріне айналды. Ол 28 трофей жеңіп алды, оның ішінде:
– 6 Чемпиондар лигасы
– 5 Клубтар арасындағы әлем чемпионаты
– 4 Ла Лига
– 5 УЕФА Суперкубогы
– 2 Испания Кубогы
– 4 Испания Суперкубогы
– 1 Интерконтинентальдық кубок
2018 жылы Модрич "Алтын доп” жүлдесін жеңіп алып, Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың 10 жылдық үстемдігін тоқтатты.
Модричтің "Реал Мадридтегі" соңғы үйдегі матчы 24 мамырда "Реал Сосьедадқа” қарсы өтеді. Клуб оған арнайы қоштасу рәсімін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Оның келісімшарты 2025 жылғы 30 маусымда аяқталуы тиіс еді, бірақ клуб оны Клубтар арасындағы әлем чемпионатының соңына дейін, яғни 13 шілдеге дейін ұзартқан.
Модрич өзінің болашағы туралы нақты шешім қабылдамағанымен, ол кәсіби мансабын жалғастыруға ниетті екенін білдірді. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуды мақсат етіп отыр. Мүмкін болатын жаңа клубтар ретінде Италияның "Милан” немесе "Рома" командалары аталуда, сондай-ақ АҚШ-тың MLS лигасындағы "Интер Майами" клубы да ықтимал нұсқа ретінде қарастырылуда.
Біздің серіктес: FONBET