
«Ордабасы» клубының бас директоры Асхат Сейсембек команданың еуромаусымға жоспарымен бөлісіп, ой-пікірін айтты.
Шымкенттік ұжым былтыр ҚПЛ-ді төртінші орынмен аяқтап, Конференция лигасының іріктеуінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. Андрей Мартиннің командасы еурожорық компаниясын бірінші кезеңнен бастайды. «Ордабасыдан» бөлек тағы ЧЛ-да «Қайрат», ЕЛ-да «Ақтөбе» және КЛ-да «Астана» ел намысын қорғайды.
«Егер еурокубоктардың топтық кезеңіне шықсақ, ең алдымен – қаржы жағынан бүкіл маусымға қажетті мәселелерді жауып, материалдық-техникалық базамызды нығайтамыз. Одан кейін қаланың өзінде қалатындай падалы бірдеңені жасаймыз. Бұл қосымша ұпай әкеледі - клубқа да, федерация рейтингіне де, елімізге де пайдасы зор болмақ», - деді А. Сейсембек «Күнгей.кз» YouTube-арнасына берген сұқбатында.
Біздің серіктес: FONBET