Лионель Месси Пеленің рекордын бұзуға жақын

14.12.2020, 17:04
Бұл рекордты жаңарту үшін тағы екі гол қажет.
Лионель Месси Пеленің рекордын бұзуға жақын

Испания чемпионатының 13-турында "Леванте" (1:0) қақпасына гол соққан "Барселонаның" 33 жастағы аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси тарихи жетістікті қайталауға бір қадам жақын, деп хабарлайды Football Espana.

"Левантемен" болған матчта Лионель Месси "Барселона" жейдесіндегі 642-ші голын соқты, және бірқатар ақпарат көздері атап өткендей, бұл көрсеткіш бойынша әр түрлі дауларға қарамастан, Месси бір клуб үшін 643 гол соққан Пеленің рекордын бұзуға жақын қалды.

Еске салайық, 1956 жылдан 1974 жылға дейін Пеле "Сантос" сапында ойнады, содан кейін ол тағы екі маусымды АҚШ-та, "Нью-Йорк Космос" клубында өткізді.

2020 жылдың соңына дейін "Барселона" Испания чемпионатында "Реал Сосьедад", "Валенсия", "Вальядолид" және "Эйбармен" кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×