Мемфис Депай мансабын Францияның басқа бір клубында жалғастыруы мүмкін

14.12.2020, 03:52
Ойыншыны Рональд Куман да өз командасында көргісі келеді.
Мемфис Депай мансабын Францияның басқа бір клубында жалғастыруы мүмкін

"Лион" шабуылшысы Мемфис Депай ПСЖ-ға ауысуы мүмкін, дейді Le Parisien.

Дереккөздің хабарлауынша, Депай қысқы трансферлік кезеңде клубын ауыстыруы мүмкін. 26 жастағы шабуылшының өзі "Лионнан" кеткісі келеді. Сонымен бірге ПСЖ-ның көшбасшы ойыншылары, оның ішінде Мбаппе мен Неймар да бұл ауысымға қарсы емес.

Депай осы маусымда "Лион" сапында 13 ойын өткізіп, алты гол соқты, төрт нәтижелі пас берді. Депайдың француз клубымен келісімшарты 2021 жылдың маусымына дейін жасалған.

Бұған дейін Депайдың "Барселонаға" ауысуы мүмкін екендігі хабарланған болатын. Футболшы, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Нидерланды құрамасында бірге жұмыс істеген команданың бас бапкері Рональд Куманның қол астында ойнағысы келеді. Сонымен бірге, Депайдың өзі де "Барселонаға" ауысуға мүдделі екенін ашық айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×