«Ливерпуль» орталық қорғаушы позициясына кімді алуы мүмкін?

13.11.2020, 20:27
Мерсисайдтық клуб бұл позицияны қыста нығайтуды жоспарлап отыр.
«Ливерпуль» орталық қорғаушы позициясына кімді алуы мүмкін?

"Ливерпуль" тағы бір орталық қорғаушысының жарақат алуына байланысты осы позицияға лайықты ойыншы іздеп жатыр.

The Athletic-тің хабарлауынша, "Ливерпульдің" басты назары "РБ Лейпцигтің" 22 жастағы қорғаушысы Деотшанкюль Упамеканоға ауды. "Қызылдар" оны келесі жазда сатып алмақ болған, өйткені келісімшартқа сәйкес маусымның аяғында ойыншыны шамамен 40 миллион фунт стерлингке (44,5 миллион еуро) сатып алуға болады.

"Ливерпуль" тағы үш қорғаушыға қызығушылық танытып отыр. Бұл тізімге "Брайтон" командасының 23 жастағы ойыншысы Бен Уайт енген, клуб оны аз ақшаға сатып алуға болады деп санайды. Одан бөлек, "Шальке 04" қорғаушысы Озан Кабакты немесе "Торино" клубынан 23 жастағы бразилиялық Бремерді сатып алуды қарастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×