«Қайраттың» экс-бапкері ұлттық құрамадағы қызметінен кетті

13.11.2020, 19:15
Грузия құрамасы кеше Еуро-2020 додасына жолдама ала алмады.
«Қайраттың» экс-бапкері ұлттық құрамадағы қызметінен кетті

Грузия ұлттық құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс қызметініен кеткенін мәлімдеді.

Словакиялық маман Еуропа чемпионатына жолдама беретін матчта Солтүстік Македония құрамасынан жеңілгеннен кейін (0:1) осындай мәлімдеме жасады. 

«Менің жұмысым аяқталды. Грузиялық жанкүйерлерге, ойыншыларға және журналистерге рақмет. Бұл менің өмірімдегі есте қаларлық өте жақсы бес жыл болды», - деді Вайсс.

Айта кетейік, Владимир Вайсс Грузия құрамасын 2016 жылдың наурызынан бастап жаттықтырып келеді. Оның келісімшарты 2020 жылдың соңына дейін жасалған. Ал оған дейін 2013-2015 жылдар аралығында «Қайратты» жаттықтырған. Оның жетекшілігімен алматылықтар ҚПЛ-да екі рет күміс және бір рет қола жүлде жеңіп алды. Және екі рет ел кубогында топ жарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×