«Ливерпуль» рекорд жасады

23.07.2020, 13:01
Кеше «Ливерпульге» ресми түрде кубок табыс етілді.
«Ливерпуль» рекорд жасады

Футболдан Англия Чемпионатының 37-турында «Ливерпуль» «Челсиді» жеңді. Кездесу Ливерпульде «Энфилд» стадионында өтті және 5:3 есебімен аяқталды.

Жеңімпаздар қатарынан Наби Кейта (23-ші минут), Трент Александр-Арнольд (38'), Джорджио Вейналдум (43'), Роберто Фирмино (55') және Алекс Окслейд-Чемберлен (84') гол соқты. Ал "Челси" сапынан Оливье Жиру (45+3'), Тэмми Абрахам (61') және Кристиан Пулишич (73') көзге түсті.

Бұл «Ливерпульдің» Премьер-Лигада «Энфилдтағы» осы маусымдағы соңғы ойыны болды. Финалдық ойын "Ньюкасл Аренада" өтеді. Осылайша, «Ливерпуль» бұл маусымда өз алаңында жеңіліске ұшыраған жоқ. Олар үш маусым қатарынан өз алаңында ұтылмады - бұл клуб рекорды. Осы маусымда Юрген Клопп командасы 18 жеңіс пен бір тең нәтиже тіркеді. Өткен маусымда - 17 жеңіс және екі тең ойын (53 ұпай), ал 2017/18 маусымда өз алаңында 12 матч жеңіп, жеті тең ойын өткізді (43 ұпай).

Ойыннан кейін «Ливерпульге» Англия Премьер-лигасының кубогы табыс етілді. Мерсисайдтықтар Англия чемпионатын соңғы рет 1990 жылы жеңіп алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×