«Ливерпуль» трансферлік терезеден тыс уақытта қорғаушы сатып алмақшы

12.11.2020, 19:32
«Ливерпуль» Деян Ловренді жібергеніне өкініп отырған болар.
«Ливерпуль» трансферлік терезеден тыс уақытта қорғаушы сатып алмақшы

Англияның қазіргі чемпионы "Ливерпуль" трансферлік терезеден тыс уақытта қорғаушы сатып алу үшін Англия Премьер-лигасының басшылығынан рұқсат сұрамақшы.

Мерсисайдтықтарға жақын инсайдер Пол Джойстың айтуынша, клуб басшылығы қаңтар айында ашылатын трансферлік терезені күтуге ниетті емес және орталық қорғаушы позициясына ойыншы алу үшін премьер-лигадан арнайы рұқсат сұрайды.

Қазан айында Англия премьер-лигасының 5-турында "Эвертонмен" болған матчта (2:2) "Ливерпуль" қорғанысының көшбасшысы Вирджил ван Дейк тізесінен ауыр жарақат алды. Сол матчта тағы бір қорғаушы - Жоэль Матип те жарақат алған болатын, бірақ ол жақында "Манчестер Ситимен" болған ойынға негізгі құрамда шықты (1:1).

Джо Гомес кеше Англия құрамасының жаттығуы кезінде жарақат алды. 23 жастағы қорғаушының қанша уақытқа қатардан шыққаны әлі белгісіз. Қазіргі уақытта бразилиялық жартылай қорғаушы Фабиньо да лазаретте жатыр, ол орталық қорғаушы позициясында да ойнай алатын еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×