XXI ғасырдағы пенальтиден жиі гол соға алмайтын футболшылардың тізімі жарияланды

12.11.2020, 19:19
Ибрагимович осы маусымның өзінде үш пенальтиді голға айналдыра алмады.
XXI ғасырдағы пенальтиден жиі гол соға алмайтын футболшылардың тізімі жарияланды

Transfermarkt порталы ХХІ ғасырда пенальтиден жиі гол соға алмайтын ойыншылардың рейтингін жариялады.

Бұл жағынан көш басында "Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси келе жатыр. Ол 27 рет пенальтиді сәтті орындай алмаған екен. Екінші орында "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду тұр, ол да 27 рет пенальтиден гол соға алмады.

Үшінші орынға жалпы мансабында 19 пенальтиді голға айналдыра алмаған Италия футболының аңызы Франческо Тотти тұрақтады. Төртінші орынды "Миланның" шабуылшысы Златан Ибрагимович иеленді, ол да 19 рет пенальтиден мүлт кеткен екен. Үздік бестікті италиялық Антонио Ди Натале түйіндеді. Ол 15 рет қателескен екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×