Туриндік «Ювентустың» бразилиялық жартылай қорғаушысы Артур Мело «Ливерпульге» ауысады.
Италиялық журналист Фабрицио Романоның айтуынша, жартылай қорғаушы «Ливерпульге» сатып алу мүмкіндігінсіз жалға беріледі. Ойыншы бүгін медициналық тексерістен өтіп, келісім-шартқа қол қояды.
«Ювентустың» бас бапкері Массимилиано Аллегри бұл маусымда бразилиялық футболшыға сенбейтінін айтқан. Туриндік клуб оның орнына ПСЖ-ның аргентиналық жартылай қорғаушысы Леандро Паредесті жалға алды.
26 жастағы Артур өткен маусымда «Ювентус» үшін 31 ойынға қатысқан. Ал осы маусымда алаңға шыққан жоқ. Оның туриндік клубпен келісім-шарты 2025 жылдың жазына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET