«Ливерпульді» жеңген «Саутгемптон» Премьер-лигада рекорд орнатты

05.01.2021, 17:53
«Ливерпуль» келесі турда екінші орынға түсуі мүмкін.
«Ливерпульді» жеңген «Саутгемптон» Премьер-лигада рекорд орнатты

"Саутгемптон" Англия Премьер-лигасының 17-турында "Ливерпульмен" болған матчта жеңіске жетті. Кездесу Саутгемптондағы "Сент-Мэри" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Opta статистикалық порталының хабарлауынша, "әулиелер" Ағылшын Премьер-лигасының рекордын орнатты. Ральф Хазенхюттльдің шәкірттері Премьер-лиганың барлық чемпиондарын жеңісті маусымдарынан кейін жеңген алғашқы команда атанды.

Еске салайық, өткен маусымда "Ливерпуль" 30 жылдан кейін алғаш рет Англия чемпионы атанды. 33 ұпайы бар "Ливерпуль" Премьер-лиганың турнир кестесінде бірінші орында тұр. "Саутгемптон" (29 ұпай) - алтыншы орында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×