Қазақстан құрамасының қорғаушысы Александр Киров екі аптаға қатардан шығарылды.
«Локомотивтің» 26 жасар ойыншысы Суперкубок үшін «Тобылға» қарсы матчта зақым алған болатын. Қатты соққыдан алған зақымы үшін, Киров бірінші турдағы «Жетісумен» өткен кездесуге мәжбүрлі түрде қатыса алмады.
Ендігі құраманың бас жаттықтырушысы Мирослав Беранек Кировты 26 наурызда Кайзерслаутернде өтетін Гарманияға қарсы матчқа есепке ала алмайтын да шығар.
Естеріңізге сала кетейік, Киров жарақаттың кесірінен 9 ақпанда Түркияда Беларусиямен өткен жолдастық кездесуге де қатыса алмаған болатын.
КПЛ-ға тиімді ставкалар мен арнайы акцияларды FONBET ұсынады – Қазақстандағы ең үздік VIP-бағдарламасы бар букмекер. Жаңа клиенттерге осы сілтемемен, ALADOP промокоды арқылы тіркелгенде, FONBET алғашқы шотты толықтырғаны үшін 200 000 теңгеге дейін бонус береді: http://www.fonbet.kz/s/21Xe9a