Лондонның қос клубында өнер көрсеткендер

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
01.08.2020, 22:07
Бүгінгі Англия Кубогының финалына орай, Лондонның екі клубында да өнер көрсеткен ойыншылар туралы біліп отырайық.
Лондонның қос клубында өнер көрсеткендер

Бүгін Англия Кубогының финалында Лондонның екі клубы "Челси" мен "Арсенал" өнер көрсететін болады. Бұл клубтарды тек бір қала ғана емес, сонымен қатар "Челси" мен "Арсеналда" ойнаған көптеген футболшылар біріктіреді. Соңғы 20 жыл ішінде 10 ойыншы бірден екі клубтың жейдесін киіп көрген екен. Әрқайсысының тағдырын еске түсіріп көрейік.

Эммануэль Пети


"Арсеналда" ойнады: 1997-2000 жж.

"Челсиде" ойнады: 2001-2004 жж.

Франция футболының көрнекті кейіпкері Эммануэль Пети Англияда өзін толық таныта алды. Арсен Венгердің арқасында жартылай қорғаушы Лондонда жақсы бейімделіп, команда жетекшілерінің бірі болды. Ұлттық құрамадағы жетістіктер мен "Арсеналдағы" атақтар біртіндеп келе бастады. 2000 жылы Пети мансабының шыңына жеткен кезде, яғни Еуропа чемпионы мәртебесінде "Барселонаға" кетті.

Бірақ бір жылдан кейін ол Лондонға қайта оралды - бұл жолы "Челсиге". Басында бәрі Пети үшін жақсы болды, бірақ клуб президентінің ауысуы және кең көлемді сатып алулар, одан бөлек ойыншының тізе жарақаты Петиді мансабын аяқтауға мәжбүрледі.

Николя Анелька


"Арсеналда" ойнады: 1997-1999 жж.

"Челсиде" ойнады: 2008-2012 жж.

Арсен Венгердің Лондоннан тапқан тағы бір футболшысы - Николя Анелька. Ойыншының "Челсидегі" мансабы оның ақылға сыймайтын таланты бар екенін көрсетті, бірақ оның мінезі оған кез-келген жерде талантын 100% ашуға мүмкіндік бермейтін еді.

Бірақ Анелька екі рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алды («Реал Мадрид» және «Челсимен» бірге). Оның "Челсиге" ауысуы Премьер-лигаға оралудың көптеген талпыныстарының бірі болды, бірақ уақыт өте келе ақшаға деген аштық пайда болды - 2012 жылы шабуылшы Қытайға көшті.

Эшли Коул


"Арсеналда" ойнады: 1999-2006 жж.

"Челсиде" ойнады: 2006-2014 жж.

Эшли Коул екі клубта да танымал тұлғаға айналған санаулы футболшылардың бірі. «Арсеналда» қорғаушы Премьер-Лиганың жұлдызына айналды және «жеңілмейтін» құрамның маңызды бөлігі болды, бірақ 2006 жылы клубта жанжал орын алды. "Арсенал" онымен жаңа келісімшарт бойынша келісе алмады, сондықтан олар Уильям Галласты 5 миллион еуроға қосымша төлеммен алмастырды.

Лондонның көгілдір бөлігінде Коул Лэмпард, Терри және Чехпен бірге "Челсидің" қаһарманына айналды.

Уильям Галлас


"Арсеналда" ойнады: 2006-2010 жж.

"Челсиде" ойнады: 2001-2006 жж.

«Арсеналдағы» жағдай Галлас үшін онша жақсы болмады. Галлас табиғаты бойынша көшбасшы ойыншы болды және жаңа "Челсидің" құрылуына себепші болды. "Арсеналда" ол Анри кеткеннен кейін капитандық белгіні де алды, бірақ уақыт өте келе ол басшылықпен ұрысып, ойға келмейтін әрекеттерді жасады - ол тікелей бәсекелесі "Тоттенхэмге" кетті.

Лассана Диарра


"Арсеналда" ойнады: 2007-2008 жж.

"Челсиде" ойнады: 2005-2007 жж.

Лассана Диараның мансабы түрлі қуаныш пен қиындықтан құралды. «Челсиге» кіші "Гавр" клубынан көшуі - Диарраның алғашқы үлкен өрлеуі болды, бірақ бұл қадам күтілген нәтиже әкелмеді. Лассана Премьер-лигада әрең ойнап, клубтан кетіп қалды.

Ал «Арсеналда» бәрі жақсы болмады, бірақ алты ай ішінде клуб Диараның сатылымынан 4 миллион еуро пайда тапты.

Юсси Бенаюн


"Арсеналда" ойнады: 2011-2012 жж.

"Челсиде" ойнады: 2012-2013 жж.

Юусси Бенаюн - ерекше футболшы. Ол бірнеше ағылшын клубтарында ойнады ("Челсиде", "Арсеналда", "Ливерпульде").

Айтпақшы, Израиль құрамасының ойыншысы мансабын бір жыл бұрын аяқтады. Оның соңғы клубы Иерусалимдегі "Бейтар" болды.

Сеск Фабрегас


"Арсеналда" ойнады: 2003-2011 жж.

"Челсиде" ойнады: 2014-2019 жж.

Фабрегас үшін "Арсенал" футболға жол ашқан үй болды. Жалғыз мәселе - Фабрегас клубқа дұрыс емес уақытта келді. Оның ең жақсы жылдары «Арсенал» титул алуды ұмытып, жаңа стадионға ақша жинауға бағытталған кезде болды.

Фабрегас "Барселона" мен "Челсиде" олжаның астында қалды. Ал былтыр Маурисио Сарри Фабрегасты керек қылмады және қыста "Челсиден" кетуге мәжбүр болды.

Петр Чех


"Арсеналда" ойнады: 2015-2019 жж.

"Челсиде" ойнады: 2004-2015 жж.

Петр Чех - "Челсидің" тарихына енген қақпашы. Терри және Лэмпардпен бірге ол жаңа клубтың бет-бейнесіне айналды және Премьер-Лиганың ең жақсы қақпашыларының бірі болды.

Бірақ уақыт ешкімді аямайды, 2015 жылы «Челси» жас қақпашы Тибо Куртуаға сенім артуға шешім қабылдады. Небәрі 4 жыл өтті, бельгиялық қақпашы "Реалға" ауысып кетті, ал Чех қазіргі уақытта "Челсидің" техникалық директоры.

Оливье Жиру


"Арсеналда" ойнады: 2012-2018 жж.

"Челсиде" ойнады: 2018 жылдан бері

Оливье Жиру, Сеск Фабрегас сияқты, «Арсеналға» керек емес сәтте келді. Анри мен Ван Перси деңгейіндегі шабуылшылары бар клуб Оливьені тіпті қосалқы құрамға отырғызып тастады.

Соңғы бірнеше жыл ішінде Жиру "Арсеналдың" шабуыл шебіндегі басты әрі жалғыз үміті болды. Мүмкін осыған байланысты "Арсенал" Англия Кубогы мен Суперкубоктан басқа ештеңе жеңе алмаған шығар.

Ол «Челсиге» қосалқы құрам ойыншысы ретінде келді, бірақ маусымның соңына қарай Лэмпард Франция шабуылшысына үміт арта бастады. Жиру сенімді ақтады. Соңғы 10 матчта 7 гол соқты.

Давид Луиз


"Арсеналда" ойнады: 2019 жылдан бері

"Челсиде" ойнады: 2011-2014, 2016-2019 жж.

Давид Луиз "Челсиге" алғаш келгеннен-ақ негізгі қорғаушы бола білді. Бірақ ол 2014 жылы "ПСЖ-ға" кетіп, 2016 жылы "Челсиге" қайта оралды. Қайта оралғаннан кейін де клубтан ойып тұрып орын алды. Бірақ былтыр командаға Лэмпардтың келуімен Давид "Арсеналға" ауысуға мәжбүр болды. "Арсенал" сапында өткізген бір маусым ішінде ол Премьер-Лиганың ең нашар қорғаушысына айналды.

Сонымен бүгін кімнің бағы жанар екен - Жирудың ба әлде Луиздың ба? Лэмпард пен Артета ойыншы ретінде Англия кубогын бірнеше рет жеңіп алған. Ал бүгін бапкер ретінде кім топ жарады? Өз ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×