«Оқжетпес» қазақстандық қорғаушымен толықты

01.08.2020, 22:34
«Оқжетпес» қорғаныс шебін қайта жасақтауда.
«Оқжетпес» қазақстандық қорғаушымен толықты

26 жастағы Дмитрий Шмидт - Өскемен футболының түлегі. Еңбек жолын "Восток" клубында бастаған. Ол сонымен қатар «Алтай», «Ақжайық» және «Ертіс» клубтарында ойнады. Жалпы, ол Қазақстан премьер-лигасында 90 матч өткізіп, 1 гол соққан. ⠀

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Оқжетпеске" қарағандылық «Шахтердің» экс-қорғаушысы, 24 жастағы нигериялық Алию Абубакар қосылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×