Лорияның жарақаты ауыр

06.05.2011, 21:52
Лорияның жарақаты ауыр
“Ертiс” футбол клубының қақпашысы Давид Лория алдағы үш ай бойы алаңға шықпауы мүмкiн. Қазақстан премьер-лигасының 9-турында “Тобылға” қарсы өткен ойында жарақат алып қалған қақпашы емделу үшiн ендi Германияға барады. Д.Лорияның айтуынша, жарақаты тым ауыр көрiнедi. Егер “Ертiстiң” қақпашысы жарақатын емдетуге үш ай уақытын жоғалтатын болса, онда ол Әзiрбайжан құрамасымен болатын ойынға қатыса алмайды. Чех маманы Мирослав Беранек келгелi берi Қазақстан құрамасына қайта оралған Лория, сөз жоқ, елiмiздегi ең мықты қақпашылардың бiрi. Қазақстан құрамасы Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу аясындағы ойынын 3 маусым күнi Астанада Әзiрбайжан құрамасына қарсы өткiзетiнi белгiлi.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×