Луи ван Гал: “Манчестер Юнайтед” футбол клубы емес, коммерциялық жоба”

09.06.2025, 09:30

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы бас бапкері Луи ван Гал өзінің бұрынғы клубына қатысты қатаң сын айтты. Sky Sports хабарлауынша, Нидерланд маманы Ағылшын клубының футболдық болмысын жоғалтып, таза коммерциялық яғни тек ғана пайда көздейтін бағытқа көшкенін алға тартты.

Луи ван Гал: “Манчестер Юнайтед” футбол клубы емес, коммерциялық жоба”

“Манчестер Юнайтед әлі күнге дейін коммерциялық клуб, футбол клубы емес. Мен мұны бұған дейін де айтқанмын. Команданы жасақтау кезінде бапкердің шешуші рөл атқармауы әрқашан қиындық туғызады." – деді ол.

Ван Галдың пікірінше, ойыншыларды таңдау құқығы тікелей бас бапкерге тиесілі болуы тиіс. Себебі тек сол жағдайда ғана бапкердің жұмысына әділ баға беруге болады.

"Менің ойымша, бапкер өзі жұмыс істейтін ойыншыларды өзі таңдауы қажет. Егер нәтиже болмаса, сол кезде оны жұмыстан босатуға болады. Бірақ егер басқа адамдар ойыншыларды сатып алып, бапкерге дайын құрам берсе, онда бұл үлкен мәселе. Себебі ол ойыншылармен жұмыс істейтін – бапкердің өзі.” – деді ван Гал.

Ван Гал қазіргі "Ливерпульдің” трансфер саясатына да тоқталды. Оның айтуынша, жаңа бас бапкер Арне Слот клубтың техникалық директорына өзі қандай ойыншыны алғысы келетінін тікелей айтады.

"Мысалы, Арне Слот шешімді тікелей өзі қабылдайтын бапкер. Ол "Ливерпульдің” техникалық менеджеріне қай ойыншыны алу керек екенін өзі айтады. Осыған назар аудару керек.” 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×