Роналду Ұлттар лигасы финалында алған жарақаты туралы мәлімдеме жасады

09.06.2025, 11:00

Криштиану Роналду Ұлттар лигасының финалындағы жарақаты туралы пікір білдірді. Финалдық матчта Португалия құрамасы 2:2 есебімен тең ойнап, кейін пенальти сериясында 5:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Роналду Ұлттар лигасы финалында алған жарақаты туралы мәлімдеме жасады

"Мен бұл ауырлықты ойын алдындағы қыздыру кезінде-ақ сездім. Жалпы, бұл жарақат бұрыннан мазалап жүрген. Бірақ ұлттық құрама үшін егер қажет болса, аяғымды сындырып алуға да дайын едім. Бұл – финал. Мен міндетті түрде ойнауым керек еді және бар күшімді салдым. Гол соқтым, командамның жеңіске жетуіне көмектестім. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Мен күш-қуатымның шегіне жеттім.” – деді Роналду.

Командасының екінші голын соққан Криштиану Роналду жарақатына байланысты 88-минутта алаңнан шығып қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×