
Криштиану Роналду ұлттық құрамадағы голдар саны бойынша әлемдік рекордты тағы да жаңартты. Ол Ұлттар лигасының Испанияға қарсы финалында (2:2, пенальти 5:3) бір гол соғып, рекордын еселеді.
Бұл матчта Роналду ұлттық құрама сапындағы 138-ші голын соқты. Осылайша ол екінші орында тұрған Лионель Мессиден (112 гол) 26 голға озып тұр.
Роналду Португалия құрамасымен қатарынан үшінші ірі турнирде жеңіске жетт.
2016 жылы – Еуропа чемпионы
2019 жылы – Ұлттар лигасы
2025 жылы – Ұлттар лигасы
Және ол Ұлттар лигасы финалында ойнаған ең жасы үлкен футболшы болып тіркелді.
Біздің серіктес: FONBET