Луис Энрике Барселона клубындағы орнын босатуы мүмкін
07.01.2015, 18:39
Луис Энрике 5-шi қаңтар күні командадан кеткен Андони Субисареттаның iзiнен кетпес үшін алдағы екi ойында жеңіске жету керек.
Mundo Deportivo-ның хабарлауынша каталондық клубтың басшылығы 8-шi қаңтарда болатын Испания кубогындегi Эльчеге қарсы ойыннан және 11-шi қаңтар күні болатын Ла Лиганың 18-шi турындағы Атлетикоға қарсы ойыннан жеңіс күтеді.
Сонымен қатар Луис Энрикеге ойыншылармен жақсы қарым-қатынаста болу керек екенi айтылды. Естерiңiзге сала кетейік, бұған дейiн Луис Энрике мен Лионель Мессидiң арасы онша болмай жүр деген хабар келген.