"Барселона" жаңа жылды мең-зең күйде бастады. Клубта не болып жатырғаны түсініксіз. Алдымен, "Реал Сосьедадқа" қарсы ойынның алдында Луис Энрике қызық шешім қабылдады. Месси мен Неймарды қосалқы құрамға отырғызып қойды. Демалыс бергені ғой деп ақтайтындай жағдай емес. Демалып келді. Англиядағы boxing day деген кезең Испанияда атымен жоқ. Испан Премьерасында өнер көрсететін футболшылардың жаңа жылдағы өмірі өмір. Кейін, белгілі болғандай католондықтар Сан Себастьянда жеңілді. Ертесіне клуб президенті Субисеррета отставкаға кетті. Ізінен Барселона десе жанын беретін Карлос Пуйоль да кетті. Месси мен Энрике арасында жанжал шықты деген қауесет тағы шықты. Тіпті, аргентиналық шабуылшы жаттығуға келмей жүр. Бірақ, клуб басшылығы Мессидің ауруы жайлы жариялаған болатын. Ал, бүгін Испанияның атақты басылымы El Mundo Departivo бетінде клуб басшылығы Луис Энрикеге ультиматум қойыпты деген жаңалық пайда болды . Егер де, команда "Эльче"(8 қаңтар) мен "Атлетико Мадридке"(11 қаңтар) қарсы ойындарда жеңбесе Луис Энрикені орнынан босатады.
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ