"ПСЖ" сапындағы Усман Дембеле Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы ойынында Арсеналға қарсы кездесуде шешуші рөл атқарды. 27 жастағы Франция шабуылшысы матчтың төртінші минутында жалғыз голдың авторы атанып, ПСЖ-ға 1:0 есебімен жеңіс сыйлады.
2025 жылы Дембеле Еуропаның бес ірі лигасындағы барлық ойыншылар арасында ең көп голға тікелей үлес қосқан футболшы. /30/ Сондықтан да матчтың 70-минутында оның жарақат алып, алаңнан ақсаңдап кеткенін көргенде “Арсенал” жанкүйерлері біраз тынышталғандай болды.
Жауаптық ойынды Парижде өткізуге сегіз-ақ күн қалғанда, Дембеле осылайша жарақат алып қалды.
"Эмирейтс" стадионынан командасының автобусына бет алған Дембеле француздың L’Équipe басылымына былай деді:
“Кішкене бірдеңе сезіндім, бірақ бәрі жақсы сияқты.”
Ал бас бапкер Луис Энрике баспасөз мәслихатында Дембеленің жағдайына қатысты алаңдаушылығын жасырмады:
“Ол ертең тексеруден өтеді. Жарақаты жеңіл. Бірақ екінші ойынға қатысуы әзірге белгісіз. Біз Дембелені алаңға қайта шығаруға тырысамыз, бірақ біз, бір ойыншыға тәуелді команда емеспіз. Усман ойнай алса – жақсы. Бірақ ол жоқ болса да бәрібір біз өз ойынымызды көрсетеміз. Маусым басынан бастап осыны айтып келеміз.”
Энрике ойын туралы:
“Стадионда атмосфера керемет болды, біз ойынды өте жақсы бастадық, және ерте соғылған гол сенімділік берді. Жоспарымыз орындалды. Бірақ біз екінші ойында да жеңіске жетуді мақсат етеміз. Арсеналға қарсы мұқият болу керек, өйткені олар жылдам гол соға алады. Біз өз алаңымызда жеңіске жетуіміз керек, өйткені Арсенал енді тәуекел етуге дайын.”