
Жас жұлдыз Ламине Ямал Барселона Реал Мадридтен үстем тұрған кезде, Реал Мадридтің өзін сынауына еш негіз жоқ екенін айтты.
Сенбі күні өткен Испания кубогының финалында Барселона Реал Мадридті 3:2 есебімен қосымша уақытта жеңіп, 32-рет осы турнирдің чемпионы атанды. Бұл ойынның басты қаһармандарының бірі — Педри мен Ферран Торреске голдық пас берген 17 жасар Ламине Ямал болған.
Осы маусымда бұл Барселонаның Реал Мадридке қарсы қатарынан үшінші жеңісі. Команда бұған дейін Ла Лигада “Сантьяго Бернабеу” стадионында 4:0 есебімен, ал қаңтарда Испания суперкубогының финалында 5:2 есебімен жеңіске жеткен.
Осының арқасында Ханси Флик Барселона тарихындағы алғашқы үш Эль Класикода қатарынан жеңіске жеткен екінші бапкер атанды. Бұған дейін тек Пеп Гвардиола ғана алғашқы бес Эль Класикода яғни қатарынан 3+ рет жеңіске жеткен болатын.
Ойыннан кейін Ямал журналистерге:
“Олар биыл бізге төтеп бере алмай жатыр, біз оны дәлелдедік,” — деп мәлімдеді.
Бұл пікір Мадрид жанкүйерлері мен кейбір Испан баспаларына ұнамады. Алайда Ямал оған аса мән бермейтінін айтты:
“Мен жеңіп жатқанда, олар мен туралы ештеңе айта алмайды. Олар мені жеңген кезде ғана сын айтуға құқылы. Мен алаңда ештеңеден қорықпаймын. Бірақ әр ойынның алдында аздап қобалжу болады. Қорқынышты мен баяғыда, Матародан шығар кезде аулада қалдырғанмын.”
Биылғы маусымда Ямал барлық жарыстарда 34 голға тікелей қатысқан (14 гол, 20 нәтижелі пас) — бұл Барсада Рафинья (51) мен Роберт Левандовскиден (43) кейінгі үшінші нәтиже.
Оның бұл көрсеткіші Еуропаның үздік 5 лигасындағы жасөспірімдер арасында ең жоғары болып тұр.
Кейбір жанкүйерлер Ямалды Лионель Мессимен салыстырады, бірақ ол өзін салыстыруларға үзілді-кесілді қарсы:
“Мен өзімді ешкіммен салыстырмаймын, әсіресе Мессимен. Бұл – сіздердің жұмыстарыңыз. Мен тек өз жолыммен жүремін. Әрине, оны тарихтағы ең үздік ойыншы деп танимын, бірақ мен өзімді онымен салыстырмаймын.”
Барселона енді Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы ойынында Интерді қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET