Луис Энрике Чемпиондар лигасы финалы алдында “Интермен” болатын ойындағы басты қиындықты атады

31.05.2025, 15:00

Париждік “ПСЖ” клубының бас бапкері Луис Энрике 2024/2025 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының финалында Миландық “Интерге Миланға” қарсы өтетін ойын туралы пікір білдірді. Финал бүгін түнде Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Луис Энрике Чемпиондар лигасы финалы алдында “Интермен” болатын ойындағы басты қиындықты атады

“Қарсылас команда қорғанысқа жаппай шегінгенде, кеңістік азайып, ойын тығыз жүреді. Бірақ менің командаларым мұндай сәттерде үнемі жақсы ойнап келген. Қиындық неде? “Интер” сапында жеке шеберлігі өте жоғары ойыншылар бар, әрі қорғаныста, әрі шабуылда. Бір ғана гол бәрін өзгертіп жіберуі мүмкін. Финалға бейімделе білу керек. Мен оптимистпін.” – деді Энрике Marca басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, жартылай финалда “Интер” “Барселонаны”, ал “ПСЖ” “Арсеналды” жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×